«Қайрат» – «Брюгге» матчы: «Борат» кейпіндегі жанкүйерлер желіні шулатты (ВИДЕО)
Астанада өткен "Қайрат" - "Брюгге" ойынына келген қонақ жанкүйерлер Бораттың костюмін киіп шықты. Артынша оларды полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды sadaq.kz.
20 қаңтар күні «Астана Арена» стадионында өткен футбол матчы барысында бельгиялық «Брюгге» командасының үш жанкүйері Бораттың костюмін киіп шыққан.
Олардың бұл әрекеті жергілікті жанкүйерлерге құрметсіздік таныту және қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланды. Тәртіп бұзғандар полиция бөлімшесіне жеткізілді.
«Қоғамдық орында мас күйінде болғаны, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – делінген Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Қазіргі уақытта шетелдік азаматтар уақытша ұстау изоляторында отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
1
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0