Қазақ ас мәзірі әлемдегі үздік 100 ұлттық тағам қатарына енді
Гастрономиялық бағыттағы TasteAtlas сайты әлемнің ең үздік 100 дәстүрлі тағамдарының рейтингісін жаңартты. Қазақстан рейтингіге 98-орынмен енді, деп хабарлады Todayinfo порталы.
Рейтинг 590 мыңнан астам баға мен 19 мыңға жуық дәстүрлі тағамдар бойынша қолданушылар мен гастрономиялық сарапшылардың пікірлеріне сүйене отырып дайындалған.
Италия көш бастап, Греция мен Перу үздік үштікті толықтырды. Сонымен қатар, алғашқы ондыққа Португалия, Испания, Жапония, Түркия, Қытай, Франция және Индонезия енді.
Қазақстаннан самса (4,4), шужық (4,3) және лағман (4,3) тағамдары ең жоғары баға алды. Ал қазы мен шелпек тағамдары 3,3 баллмен төменгі орынға табан тіреді.
Сарапшылар ұлттық асхананың тек мәдени мұраны сақтауда ғана емес, сонымен қатар туризм мен жергілікті өндірісті дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл еліміздің әлемдік аренада танымалдығын арттырады және экономикаға оң ықпал етеді.
Қазақстанның ұлттық тағамдарын әлемге таныту арқылы елдің мәдениетін және тұтынушыларға ұсынылатын дәмді әрі бірегей тағамдарды насихаттауға мүмкіндік бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0