Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында қола медальға ие болды

Ақпан 28, 2026 - 15:51
 0  13
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында қола медальға ие болды
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандастарымыз жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Аталған сында Қазақстан намысын Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов, Яков Федотов, Нариман Уәлихан қорғады.

Турнир барысында қазақстандық семсерлесушілер Жаңа Зеландияны (45:31) және Өзбекстанды (44:33) жеңді.

Жартылай финалда ұлттық құрама Гонконгқа (37:45) жол беріп, нәтижесінде жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0