Қазақстанда доллар бағамы 540 теңгеден асып кетті
Қазақстан қор биржасындағы доллардың орташа бағамы жарияланды

Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа бағамы 540,84 теңгені құрап, 1,76 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Қазақстан Ұлттық банкінің 12 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 538,89 теңге.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау орындарында долларды сатып алу орташа есеппен 539,61 теңге, сату – 541,51 теңге көлемінде. Ал Астанадағы айырбастау пункттерінде сатып алу бағамы – 538,71 теңге, сату бағамы – 543,71 теңге.
Еске сала кетейік, 8 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,64 теңгеге төмендесе, 9 қыркүйекте – 1,67 теңгеге, 10 қыркүйекте – 1,46 теңгеге, 11 қыркүйекте – 0,65 теңгеге өскен болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?






