Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу процесі өзгереді

Сәуір 14, 2026 - 09:55
 0  11
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу процесі өзгереді
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ

Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді Премьер-министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жаңа ережеге сәйкес: Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды ақылы негізде, әр мүмкіндік арасында кемінде 10 күнтізбелік күн сақтай отырып, шектеусіз тапсыруға болады. Бұған дейін қайта оқудан өту талап етілетін;

Емтихан кезінде бақылау күшейтіліп, жасанды интеллект технологиялары енгізіледі;

Емтихан барысында тыйым салынған құрылғыларды пайдаланғандар және жүргізуші куәлігін заңсыз алуға жәрдемдесетіндер жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ үміткерлер 1 жылға теориялық емтихан тапсыру құқығынан айырылады;

Автомектептердің қызметіне қойылатын талаптар күшейтіледі. Жүргізушілерді даярлау сапасы төмен болған жағдайда лицензиясы қайтарып алынуы мүмкін.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0