Кентау қаласы экологиялық апат аймағы деп танылды
Шардара, Арыс, Отырар, Сауран аудандарының және Түркістан қаласының бір бөлігі — бәрі де Арал маңындағы дағдарыс алдындағы аймаққа жатады.
Кентау қаласы экологиялық апат аймағы деп танылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.
«Шардара, Арыс, Отырар, Сауран аудандарының және Түркістан қаласының бір бөлігі — бәрі де Арал маңындағы дағдарыс алдындағы аймаққа жатады. Сондықтан олар экологиялық аймаққа енеді. Сауран ауданы Кентау қаласымен шектеседі, оның жартысы Кентау қаласының аумағында орналасқан және экологиялық апат аймағына енбейді. Осыған байланысты тұрғындар «Кентауды Арал маңының дағдарыс алдындағы аймағына қосу туралы» нормативтік құжат қабылдау мәселесін көтерді»,- деді Д. Сатыбалды.
Денсаулық сақтау және Экология министрліктері тиісті зерттеулер жүргізіп, экологияның Кентау тұрғындарына да әсер ететінін анықтаған. Нәтижесінде Кентауды экологиялық аймаққа енгізуге болады деген шешім қабылданды. Бұл үшін қосымша 6 млрд теңге қажет. Әкімнің айтуынша, қазір осы қаражаттың қайдан бөлінетіні қарастырылып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?