«Кешірім берсе де, сотталады»: Заңгер Шавкат Рахмоновтың әйелі туралы айтты

Жол апатына түскен Шавкат Рахмоновтың әйелі бірнеше жылға сотталуы мүмкін

Шілде 30, 2025 - 16:00
Шілде 30, 2025 - 16:09
«Кешірім берсе де, сотталады»: Заңгер Шавкат Рахмоновтың әйелі туралы айтты
фото: ашық дереккөз

Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы адвокат Бағдат Амандосұлы мәлімдеді, деп жазады sadaq.kz. 

"Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол жол ережесін бұзып, екі адамның өліміне әкелген жол апатына жауапты. Күдіктінің кішкентай балалардың анасы екендігі жазаны жеңілдетуі мүмкін. Алайда бұл да жаза қолданудан босатпайды. Қаза тапқандардың отбасы берген кешірім де, оны заң алдындағы жауапкершіліктен арашалап алып қала алмайды", - деді ол sport24.kz-ке берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың әйелі Жамбыл облысының маңында рөлге ие бола алмай қалған. Апат салдарынан 39 жастағы жолаушы З.А. оқиға орнында көз жұмды. Ал 35 жастағы тағы бір жолаушы А.С. Мойынқұм аудандық ауруханасына барар жолда қайтыс болды. Гүлайым Рахмонова мен 2022 жылы туған ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөліміне жатқызылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow