«Кез келген уақытта хабарласыңыз»: Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына құрмет көрсетті (ВИДЕО)
Танымал әнші Қайрат Нұртас Олимпиада жүлдегері, марқұм Денис Теннің анасына арнайы барып, ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Өнер иесі әдемі гүл шоқтарын табыстап, анасының хал-жағдайын сұрады.
"Денистей ұлды туған сізге мың алғыс. Бүкіл қазақ елінің анасысыз. Сізді жақсы көремін. Аман болыңыз. Сізге көп-көп рақмет", - деді Қайрат.
Денис Теннің анасы Оксана Тен Қайраттың бұл ізеттілігіне алғысын білдірді. Ол ұлы Денис Теннің Қайратты қатты жақсы көргенін, оның шығармашылығын бағалағанын айтты. Себебі Қайрат та өз-өзін жасаған мықты тұлға деп айтып жүретінін де баяндады.
Ол әншіге өзінің шәкірттерімен таныстырып, көмек сұрады. Қайрат Нұртас өз кезегінде қолынан келгенді аямайтынын айтты.
Қайраттың қарапайымдылығына тәнті болған оқырмандар да алғыстарын жазуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0