Қырғызстан университеті қазақ студенттерін қуып шықты

Қырғыз елінің Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеріс жүргізіп, нәтижесінде шетелдік 59 студент Бішкектегі Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінен оқудан шығарылды, деп жазады sadaq.kz.
Олардың қатарында қазақстандықтар да бар.
Оқуға ресми түрде қабылданған шетелдік студенттер іс жүзінде қырғыз елінің аумағында болмаған және оқу процесіне қатыспаған. Соған қарамастан, олардың құжаттары белсенді студенттер ретінде университетте тіркелген.
Аталған факті бойынша "Қызметтік қасақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Комиссиялық тексеріс бұл заңбұзушылықтарды растады. Тексеру нәтижесінде университеттен 59 шетелдік студент оқудан шығарылды.
Олардың ішінде:
- 30-ы – Өзбекстан азаматы;
- 20-сы – Қазақстан азаматы;
- 9-ы – Ресей азаматы.
Қазір тергеу барысында бұл схемаға қатысы бар оқытушылар мен университет қызметкерлері анықталуда. Тергеу жалғасып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?






