Қырғызстанда орысша атауы бар бірқатар елді мекеннің атауы өзгертілді

Сәуір 14, 2026 - 15:28
chat_bubble  0 visibility  5
Қырғызстанда орысша атауы бар бірқатар елді мекеннің атауы өзгертілді
Фото: ria.ru

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров тоғыз елді мекеннің атауын өзгерту туралы заңға қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, sadaq.kz хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, атауы өзгертілген елді мекендердің үшеуі бұрын орысша аталған. Атап айтқанда, Манас ауданындағы Новодонецкое ауылы Айтматов болып, Кочкор ауданындағы Большевик ауылы Баялы Исакеевке, ал Ақ-Суу ауданындағы Теплоключенка ауылы Ақ-Суу болып өзгертілді.

Сонымен қатар, Қырғызстан премьер-министрі Акылбек Жапаров республика билігі алдағы уақытта да орыс тілін сақтауға ерекше көңіл бөлетінін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0