Көбі білмейді: елімізде еңбек демалысынан бөлек тағы да 3 күндік демалыс алуына болады

Үш күндік демалысқа шыққан жұмысшылардың орташа жалақысы мен лауазымын жұмыс беруші толықтай сақтауға міндетті.

Тамыз 10, 2024 - 17:18
Тамыз 10, 2024 - 17:19
Көбі білмейді: елімізде еңбек демалысынан бөлек тағы да 3 күндік демалыс алуына болады

Елімізде кез келген қызметкер еңбек демалысынан бөлек тағы да 3 күндік әлеуметтік демалыс алуына болады, деп хабарлады Информбюро жаңалықтары. 

Заң шеңберінде қарастырылған мерзімде азаматтар скринингтік зерттеулерден өтуі тиіс. Ал берілген демалыс уақытында жұмыс беруші жұмысшының орташа жалақысы мен лауазымын сақтауға міндетті.

"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" демекші, түрлі қатерлі дерттердің алдын алу үшін елімізде үш күндік әлеуметтік демалыс кез келген қызметкеге беріледі. Сол уақытта азаматтар скринингтік зерттеулерден өтсе, әйелдер жүктіліктің 12 аптасына дейін медициналық есепке тұру үшін демалыс ала алады.

Денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің 80 бабының 3 тармағына сәйкес, ел азаматтары мұндай медициналық тексерістен өтуге міндетті. Себебі ауруды ерте анықтап, қауіпті факторларды болдырмауға бағытталған. Негізінен скринингтің бірнеше түрі бар. Мәселен қан айналымы жүйесінің негізгі аурулары, қант диабеті, глаукома, сонымен бірге адамдарда созылмалы В және С гепатиті бойынша да скрининг бар.

Ал белгілі бір жасқа толған қазақстандықтар үшін онкоскринингтің үш түрі қарастырылған.

“Қатерлі ісікке шалдыққан скринингті 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер екі жылда 1 рет өтеді. Жатыр мойын қатерлі ісігінің скринингі 30-70 жасқа дейінгі әйелдер 4 жылда 1 рет өтеді. Колоректальды қатерлі ісікке скринингі ол 50 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер мен еркектер 4 жылда 1 рет өтеді”, – дейді HR-менеджер Балауса Карсембаева. 

Үш күндік демалысқа шыққан жұмысшылардың орташа жалақысы мен лауазымын жұмыс беруші толықтай сақтауға міндетті.

Бұдан бөлек азаматтар мұны кез-келген уақытта ала алмайды. Мерзімі келген мезетте арнайы анықтаманы басшылыққа ұсынып тұрғылықты жеріндегі емханадан өтуі тиіс. Ал медициналық зерттеуден өтуге қызметкерін жібермеген жағдайда әрбір адам еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жүгінуіне құқылы. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow