«Күйеуімнен ештеңе сұрамадым»: Жазира Байырбекова мәһр сұрайтын қыздарға қатысты ойын айтты

Ортаға молданы салып, дүние сұрау.

Шілде 9, 2024 - 22:09
 0  133
«Күйеуімнен ештеңе сұрамадым»: Жазира Байырбекова мәһр сұрайтын қыздарға қатысты ойын айтты

Отандық эстрада жұлдызы мәһр сұрайтын қыздарға қатысты ойын айтты. Ол жолдасы әйеліне сыйлықты өз еркімен сыйлауы керек деген пікірде.

Жазира Байырбекова бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Мәһр" сұраған сіздерше дұрыс көріне ме? Жігіт мәжбүрлемей, сыйлықты өз қалауымен алып берсе әдемі емес пе?. Өзім күйеуімнен ештеңе сұрап көрмеген соң көзім үйренбеген бе, білмеймін.

Оның үстіне "ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі" деген сөз бар еді. Ортаға молданы салып, дүние сұрау біздің салт-дәстүрімізде болған ба? Мәһр сұрағандар мен сұрамағандардың отбасына әсері, айырмашылығы қандай, жазыңыздаршы?! Біле жүрейік" , - деді ол. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0