«Құдайдан қаша алмайсың!»: Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулеріне ренішін айтты

Қыркүйек 25, 2025 - 12:19
«Құдайдан қаша алмайсың!»: Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулеріне ренішін айтты
Фото: Instagram/moldir.auelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі жазбасында алимент төлемей жүрген ер адамдарға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ол сот алдында алименттен жалтарып жүргендердің жауапқа тартылып жатқанын айта келе, шынайы әкелік қамқорлық ешқашан ақшаға байланып қалмайтынын атап өтті.

«Алимент төлемей қашып жүргендерді сот алдында тік тұрғызып жатыр дейді. Енді ойлап қоямын, алиментке беру керек пе еді? (әзіл). Жалпы, баласынан қашқанымен, Құдайдан қаша алмайтыны ақиқат қой. Нағыз ер азамат алиментсіз-ақ баласына қамқор болады. Қалғаны көп сөз – бос сөз. Бір тиын ақшасын, бір минут уақытын баласына қия алмаған еркексымақтарға күнімізді қаратпағанына шүкір! Алла ұлық!», – деп жазды ол.

Мөлдір Әуелбекова бұл ойымен көпшілікке үлгі боларлық тәрбие мен жауапкершілік жайлы еске салды. Ол балаларына дұрыс тәрбие беріп, оларға қамқор болу – әрбір ата-ананың басты міндеті екенін алға тартты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow