«Құқық бұзу белгілері анықталған жоқ»: Танакөз Толқынқызы қуанышты жаңалығымен бөлісті
Ақын, журналист Танакөз Толқынқызы үстінен жазылған арыз бойынша қылмыстық іс қозғалмайтынын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы ақын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Танакөз Толқынқызының сөзінше, ол адвокаттары Бауыржан Азанов және Марал Сайлаубаймен бірге Астана полициясына барған. Екі адвокаттың тікелей қатысуымен полицейдің қойған барлық сұрағына жауап берген.
«Бүгін менің адвокаттарым тексеру нәтижесінде қандай да бір қылмыстық құқық бұзу белгілері анықталмай, іс номенклатуралық есепке жіберілгенін хабарлады», — деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, 7наурыз күні Танакөз Толқынқызы «Қазақтар тәуелсіздігін сақтап қала алмайды. Себебі ол сапасыз ұлтқа айналған»,– деген мәтінде сыни жазба жариялады.
Ақынның бұл жазбасы халық арасында тез таралып, тараптар екіге бөлінді. Бірі бұл жазбаны ащы шындық деп қабылдаса, бірі наразылықтарын білдірді.
Кейін ақынның үстінен eGov арқылы шағым түсіп, полиция шақырту жіберген болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0