Құрбан айт – мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі: Түркістан облысында қандай шаралар өтеді?
27 мамырда мұсылман қауымы қасиетті Құрбан айт мерекесін қарсы алады. Үш күнге созылатын ұлық мейрам қарсаңында Түркістан облысында ауқымды рухани-мәдени шаралар ұйымдастырылып, қайырымдылық акциялары өткізіледі. Биыл да өңір мешіттерінде ұлттық салт-дәстүр дәріптеліп, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінбек, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстың бас имамы Ержан Төлепов, Түркістан қаласының бас имамы Исмаил Панов және облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Сүндет Жүсіпбек мәлімдеді.
Айт намазы таңғы сағат 06:00-де оқылады
Облыстың бас имамы Ержан Төлеповтің айтуынша, биыл Құрбан айт 27–29 мамыр аралығында аталып өтеді. Құрбан шалу рәсімі айт намазы оқылғаннан кейін басталып, үшінші күнгі ақшам намазына дейін жалғасады.
Оның айтуынша, құрбандықты белгіленген уақыттан бұрын немесе кешіктіріп шалу шариғат талаптарына қайшы келеді.
– Биыл Құрбан айттың алғашқы күні – 27 мамыр. Түркістан облысындағы барлық мешітте айт намазы таңғы сағат 06:00-де оқылады. Құрбан шалу осы намаздан кейін басталып, 29 мамыр күні кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Сондықтан құрбандық шалатын азаматтар осы уақытқа ерекше мән беруі қажет. Уақытынан бұрын немесе уақыт аяқталғаннан кейін шалынған мал құрбандық болып есептелмейді, – деді Ержан Төлепов.
Мешіттерде ұлттық дәстүр насихатталады
Айт күндері облыстағы барлық мешіттерде мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Имамдар ұлттық киім киіп, келген жамағатқа мерекелік дастарқан жайылады. Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындары өткізіліп, балалар мен жастарға арналған мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралардың мақсаты – Құрбан айттың рухани мәнін кеңінен насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Айт – тек құрбандық шалатын күн ғана емес, адамдардың бір-біріне құрмет көрсетіп, ағайынмен араласып, мұқтаж жандарға қолдау білдіретін мереке екені ерекше атап өтілді.
Мал бағасын көтермеуге шақырды
Брифинг барысында Түркістан қаласының бас имамы Исмаил Панов кәсіпкерлер мен мал сатушыларға үндеу жасап, мереке күндері бағаны негізсіз көтермеуге шақырды.
Оның айтуынша, Құрбан айт кезінде табыс табудан бұрын сауапқа ұмтылу – мұсылмандықтың белгісі.
Тегтер:
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0
Ұқсас мақалалар
«Жақсылығымды түсінбеген адам»: Жылқышыны айыптаған кәс...
Тамыз 5, 2026 chat_bubble 0 visibility 50
Сабыржан асаба елден кешірім сұрап, ақталып шыққан қари...
Тамыз 5, 2026 chat_bubble 0 visibility 197