Маңғыстау тұрғыны әйелін жұрттың көзінше пышақтап тастады (ВИДЕО)
Полиция күдіктінің ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.
Әлеуметтік желіде ер адамның әйелін пышақтап тастағаны туралы видео тарауда, - деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға 14 шілдеген тараған түні Маңғыстау облысында болған.
"Ер адам "Рахат" супермаркетінің маңында әйелін пышақтап кеткен", - делінген Instagram-дағы 911.aktau парақшасында жарияланған видеоның сипаттамасында.
Полиция күдіктінің ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.
Сондай-ақ «кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді».
Ал пышақ жарақатын алған әйел Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген.
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқасты кезекші хирург, травматолог пен реаниматолог дәрігерлер тексеріп, зертханалық анализдерін қарап, шұғыл түрде операция жасаған.
Ал облыстық арухананың баспасөз хатшысы Жұлдыз Қалиеваның айтуынша, Қазір науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Есін біледі. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде емделуде. Науқастың диафрагма мен бауыры, ішкі қабырғалары, өкпе тіндері зақымдалған. Қол-аяқтың жоғарғы және төменгі бөлігі бірнеше рет пышақталған. Пациенттің аяғы ауыр, жүктіліктің 10 аптасында.
«Денесінің бірнеше жерінде жарақаты бар 2000 жылы туған әйел облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне 13-шілде күні түнде сағат 22:40 шамасында жеткізілді», - деді аурухананың баспасөз қызметінен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?