Мас күйінде көлік жүргізген бұрынғы депутат қамауға алынды

Қазан 26, 2023 - 14:05
Мас күйінде көлік жүргізген бұрынғы депутат қамауға алынды
Коллаж "Диапазон" сайтынан алынды

Ақтөбе қаласының әкімшілік соты мас күйінде көлік жүргізген Сәния Мұратованы 15 күнге қамауға алып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz жергілікті «Диапазон» сайтына сілтеме жасай отырып.

Баса айта кетерлігі, мәслихаттың бұрынғы депутаты сотқа келген жоқ, сот оның үкімін сырттай оқыды. Бұған дейін де екі сот отырысына келмеген. 

Естеріңізге сала кетейік, мәслихат депутаты болып жүрген кезде, дәлірек айтсақ, биыл қыркүйек айында Сәния Мұратова мас күйінде көлік жүргізген. Іс резонанс тудырған соң, Сәния Мұратова мәслихат депутаты мандатынан айырылған болатын. Экс-депутат осымен үшінші сот отырысына келмеген соң, бүгін әкімшілік сот оған қатысты сырттай үкім шығарды. Сәния Мұратова енді 15 күн қамауда отыруы тиіс. Сот сондай-ақ оны жеті жылға жүргізу құқығынан айырды.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow