Мемлекеттік марапаттан құтылу үшін қолдан келгенін жасаймын - Әли Оқапов

Қазан 27, 2023 - 18:31
Мемлекеттік марапаттан құтылу үшін қолдан келгенін жасаймын - Әли Оқапов

Әнші Әли Оқапов күні кеше кеудесіне таққан “Құрмет” орденінен бас тартты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Оқапов әлеуметтік желіге видеоүндеу жариялап, осы уақытқа дейін иеленген үлкенді-кіші наградаларының бәрінен бас тартатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Республика күніне орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттаған болатын. Олардың арасында әнші Әли Оқапов  “Құрмет” Орденін иеленген еді.

“Бұл оқиға осынша шуға айналады деп ойламаған едім. Бірақ, айтылып жатқан әңгімелерді біле тұра, үнсіз отырғаным жарамайды. Мен осы уақытқа дейін әртүрлі телеарна, радиостанциялар мен жекеменшік ұйымдардан алған марапаттарымның бәрінен бас тартамын. Қазір кішкене баламыз бар, соның бөлмесін қалың темірден босататын болдым”,-дейді Оқапов.

Ал, “мемлекет берген медальдарда рәміздер бар болған соң оны жайдан-жай далаға тастай алмаймын” деген әнші тиісті органдардың көмегіне жүгінбек.

“Мен заңдарды ақтарып, оларды қайтарып берудің жолдарын іздедім, бірақ, таба алмадым. Мемлекеттік марапаттарда рәміздер бар. Жайдан-жай тастай алмаймын. Сондықтан, оларға қатысты уәкілетті органдардың жауабын күтемін”-деді Әли Оқапов.

Айта кетейік, Әли Оқапов “Құрмет” Орденін иеленген соң қоғам сын айта бастады:аудитория бір жағынан Оқаповтың награда алуына әншінің анасы, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Роза Рымбаеваның ықпалы болды десе, екінші жағынан Рымбаеваның кезінде жас өнерпазға қатысты айтқан сөзін еске алды. Себебі, Роза Рымбаева қазақ музыка тарихында алғаш рет Грэмми жүлдесін алған Иманбек Зейкеновтің жетістігіне байланысты “оның жай ғана жолы болды” деген пікір айтқан еді. Әли Оқапов жүлде алғанда халық анасының сөзін еске алып, “Оқаповтың жай ғана жолы болды” деген пікір жаза бастады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow