«Мансабымдағы ең үздік прокат»: София Самоделкинаның Олимпиададағы шешуші додасы қашан?
Италиядағы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан намысын қорғайтын София Самоделкина қысқа бағдарламада өнер көрсетті. Спортшы бұл жолғы өнерін өзінің спорттық жолындағы ең үздік прокат ретінде бағалап отыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.
София 68.47 балл жинап, аралық кестеде 12-орынға жайғасты. Қазіргі таңда жапониялық Ами Накаи 78.71 ұпаймен көш бастап тұр. Бұл нәтижемен еркін бағдарламаға (финалға) ол еш қиындықсыз өтті. Дегенмен, қазақстандық жанкүйерлер мен мамандар спортшының техникалық әлеуеті бұдан да жоғары екенін айтып, төрешілердің шешімін қызу талқылауда.
София Самоделкинаның қатысуымен өтетін еркін бағдарлама ертең, 19 ақпан күні 23:00-де басталады. Қазақстандық спортшы 20 ақпанға қараған түні сағат 01:13-те (Астана уақытымен) мұз айдынына шығады. Жарыстың тікелей трансляциясын отандық "Qazsport" және "Jibek Joly" телеарналарынан тамашалай аласыздар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0