Мұхтар Жәкішевтің қызы Испаниядағы тарихи виллада некесін қидырды

Шілде 14, 2026 - 16:21
app_badging Шілде 14, 2026 - 17:01
chat_bubble  0 visibility  12
Мұхтар Жәкішевтің қызы Испаниядағы тарихи виллада некесін қидырды
Фото: instagram.com/altjj_

Испанияның Барселона қаласына жақын маңда «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай мен оның күйеу жігіті Карл Обидің үйлену тойы өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жас жұбайлар бұған дейін бірнеше шара өткізіп үлгерген. Олар алдымен Лондонда заңды некеге тұрып, кейін Алматыда дәстүрлі қыз ұзату рәсімін жасады. Ал мерекенің қорытынды бөлімін Каталония жағалауында өткізуді ұйғарған.

Салтанатты шара демалыс күндері тарихи Bell Reco вилласында ашық аспан астында өтті. Жас жұбайлар сарай алдында бір-біріне сақина тағып, некесін қиды.

Мерекеге әртүрлі елден келген туыстар мен достар жиналды. Қонақтардың қатарында миллиардер Арманжан Байтасов жұбайы Дилярамен бірге, сондай-ақ қалыңдықтың анасы Жәмилә көрінді.

Ресми бөлімде қалыңдық ұзын фатасы бар үлпілдек ақ көйлек кисе, күйеу жігіт ақ пиджак пен классикалық смокинг таңдаған. Неке қию рәсімінен кейін қонақтар кешкі асқа қатысып, көпқабатты торт кесу мен би кеші жалғасты. Кешке қарай қалыңдық мерекелік киімін ашық түсті жеңіл көйлекке ауыстырып, жиын еркін форматта өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0