«Назарбаевтың қайын ағасы ұсталды»: ҰҚК ақпарды растады

Қараша 27, 2025 - 20:26
 0  52
«Назарбаевтың қайын ағасы ұсталды»: ҰҚК ақпарды растады
Фото: Sadaq.kz коллажы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) “Астана ЭКСПО-2017” басшысының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұған дейін БАҚ-та Есполовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. 

“Аталған дерек бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды”, – делінген ҰҚК мәлімдемесінде.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Айдос Есполов – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Құрманбаеваның бауыры. Ол “Астана ЭКСПО-2017” компаниясы басшысының бұрынғы кеңесші болған және Еуразиялық технологиялық университеті пен Alatau Asset Management Company компанияларының құрылтайшыларының бірі.

БАҚ-та тараған ақпаратта Есполовтың Астанадағы ЭКСПО-2017-ге дайындық барысында жасалған ұрлықтар мен парақорлыққа қатысты іс бойынша ұсталып, 2,2 миллиард теңге жымқырды деген кұдікке ілінгені айтылған.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0