Назым Қызайбай мен Виктория Графеева ел қоржынына екі алтын салды
Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Гуйань қаласында өткен World Boxing аясындағы Әлем кубогында екі алтын медаль жеңіп алды. Турнирдің финалында Назым Қызайбай мен Виктория Графеева қарсыластарын жеңіп, чемпион атанды, деп хабарлайды sadaq.kz.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Италия өкілі Сирин Шаарабимен қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық боксшы Әлем кубогының алтын жүлдесін иеленді.
Ал 60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Тайвань өкілі, Олимпиада чемпионы Линь Юйтинмен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте Графеева 3:2 есебімен басым түсті. Алғашқы раундта есе жібергенімен, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, кездесудің тағдырын өз пайдасына шешті.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі алтын медальмен толықты. Назым Қызайбай өз мансабындағы кезекті халықаралық титулын жеңіп алса, Азия чемпионы Виктория Графеева Олимпиада чемпионын жеңіп, Әлем кубогының жеңімпазы атанды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0