«НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі жүрек талмасымен ауруханаға түсіп қалды
Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балалардың жанайқайын бұқараға жеткізіп, қол ұшын созып жүрген «НеМолчиKZ» қорының президенті Дина Таңсәрінің жүрек талмасы ұстап, денсаулығы нашарлап кетті. Бұл туралы қор өз парақшасында жазды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.
«Динаны жүрек талмасымен дәл қазір ауруханаға апара жатыр. Соңғы жиырма күнде Динада екі рет жүрек талмасы ұстады: 9 тамызда және 25 тамызда тағы қайталанды. Қыздың ісіне және қорға түскен жүктемеге байланысты, лас әңгімелер мен айыптаулар өте көп. Бірақ осы жолы жүрек талмасы тура бір сағатқа созылды. Қаладан дәрігер таппай, қаржылық мүмкіндігіміз болмағандықтан ем ала алмадық, ауруды үйде басуға тура келді. Жедел жәрдем қымбат әрі босқа шақыратын едік», - дейді қордағылар.
24 тамыз күні Дина Таңсәрі терапевтің қабылдауында болған, дәрігер жүрегі ауыратынын анықтап, қыркүйектің ортасына кардиологқа жазған. Дәрігерлердің басқа бос уақыты болмаған. Бірақ 25 тамызда жүрек талмасы ұстағандықтан, қыркүйекке дейін күту қауіпті деп шешкен.
«Бүгін денсаулығы нашарлап кетті, басқа қалаға баруға тура келді. Себебі Черногорияда мамандар тым аз, қазір көбі еңбек демалысында. Сондықтан кардиологты басқа қаладан таптық», - деп жазған қор өкілдері.
Қор қайырымды жандардан қаржылай қолдау көрсетуді сұрап отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?