«Оқымай қою керек пе?»: Қоғам белсендісі қандастарды мектеп қабылдамай жатқанын айтты
Өзінің еліне оралған қандастар бүгінде мектепке орналаса алмай, сандалып жүр. Солардың бірі - Аймауыт Ардаққызы. Фейсбук қолданушысы мәселенің мән-жайын толығырақ тарқатып берді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
"Жиенім — Аймауыт Ардаққызы, Қазақстан Республикасында туған. Әке шешесі 2017 жылғы саясаттың салқынынан кейін Қазақстанға келе алмай қалған.
Алайда екінші қызы Ақжайық Ардаққызымен бірге Астана қаласында тұрып, 6- класты оқып бітіріп, енді 7-класс оқу керек болатын.
Биылғы жылы Ақжайық Ардаққызы Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетке түсуіне байланысты Аймауыт әпкесімен бірге Алматы қаласына ауысып,Абай атындағы ҚазҰПУ-ға жақын жерде пәтер жалдап,тіркеуге тұрып,тіркеу бойынша баруға тиісті Алматыдағы 104 нөмірлі мектепке барады.
Алайда мектеп директоры болған Айза Алпамысқызы әке шешесі шекара сыртында қалған жас бүлдіршінді кеудесінен итеріп,18 жастан асқан әпкесі Ақжайық Ардаққызына берген әке шешесінің сенімхатын жарамсыз деп тауып,баланы мектепке қабылдау үшін қамқоршысы болуы қажет деп талап қойған.
Алайда қамқоршылықтың заңдық нормалары бар екенін үздік директор білмесе керек.
Қамқоршылық міндетін алу жане берудің үлкен заңдық жауапкершілік жане сот шешімі арқылы бітетінен де хабары жоқ сияқты.
Бұл жағдай қазір бір ғана баланың басында емес, Қытайдан келген, Қазақстанда оқимыз деген мыңдаған баланың басынан кешіп жатқан жағдай.
Қазақ болам деген баланы кеудеден қағып,оны сыртқа тепсе, сонда ол балалар қайдан оқу керек?
Оқымай қою керек пе?
Қазақстан Республикасында туған,қасында 18 жастан асқан туған әпкесі бар,әке шешесінің сенімхаты бар Аймауытты әпкең тым жас екен деп мектепке қабылдамаған директордың ісі қаншалықты заңды?", деп жазды қоғам белсендісі Мұхтархан СЕРІК.
Сіздің реакцияңыз қандай?