Өмірқұл Айниязов: «Бір шәугім шай» клипін 10 мың теңгеге түсірдік

Ақпан 20, 2026 - 13:22
 0  29
Өмірқұл Айниязов: «Бір шәугім шай» клипін 10 мың теңгеге түсірдік
фото: әлеуметтік желіден

«1001 түн» бағдарламасында әнші Өмірқұл Айниязов қонақ болды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Әншінің айтуынша, «Бір шәугім шай» әнінің бейнебаяны карантин кезінде ауылда отбасылық естелік ретінде түсірілген. Түсірілімге 10 мың теңге жұмсалған.

«Клипті той түсіретін жастарға тапсырдық. Студент ұлым Алматыға келіп, достарымен бірге монтажын жасады. Естелік үшін жасалған бейнебаян бүгінде репертуарымдағы ең көп қаралым жинаған туындылардың бірі және әлі күнге дейін әлеуметтік желілерде танымал», - деді әнші.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0