Павел Дуровтың видеосынан кейін Көлсайда тексеріс басталғаны хабарланды

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Алматы облысындағы Көлсай көліне шомылған видеосынан кейін Ұлттық саябақ өкілдері Дуровтың суға шомылғаны туралы ақпаратқа қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
"Саябақ басшылығы қызметтік тексерісті бастап кетті, оның қорытындысы бойынша аумақты дұрыс бақыламаған лауазымды тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылады" деді саябақ өкілдері.
Көлсай ерекше қорғалатын аумаққа жатады. "Көлсай көлдері" ұлттық саябақтың ережесі бойынша туристерге онда шомылуға тыйым салынған.
Көлсайға шомылғаны жөнінде видеоны Дуров Telegram сторисінде жарияланған еді. Жазбасына "керемет шомылдым" деп жазып қойған.
Ал Дуровтың өзі әзірге саябақ өкілдерінің хабарламасына реакция білдірмеді.
Павел Дуров Қазақстанға Digital Bridge форумына қатысу үшін келген. Астанадан кейін ол елдің оңтүстік-шығысындағы Алматыға барған. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 7 қазанда Дуров қала әкімі Дархан Сатыбалдымен кездескен.
Сіздің реакцияңыз қандай?






