Павлодар тұрғыны мысықты құтқарамын деп мерт болды

Сәуір 6, 2026 - 16:03
chat_bubble  0 visibility  1
Павлодар тұрғыны мысықты құтқарамын деп мерт болды
Фото: Pixabay

Дәрігерлердің мәліметінше, ер адам 6 метр биіктіктен құлап, түрлі сынықтармен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты Azattyq Ruhy порталына сілтеме жасап.

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясында хабарланғандай, шақырту 5 сәуір күні түскен. Орталық өнеркәсіп аймағында 50 жастағы ер адам 6 метр биіктіктен құлаған. Айта кетейік, ол ағашта тұрған мысықты түсірмек болған.

Ер адам әртүрлі сынықтармен және травматикалық шок жағдайында ауруханаға жатқызылды. №1 қалалық ауруханада алған жарақаттарының салдарынан науқастың көз жұмғаны хабарланды.

Сол күні тағы бір әйел де биіктіктен құлап, көз жұмды.

«Өкінішке қарай, дәрігерлер оқиға орнына шақыртудан кейін 2 минут ішінде жеткеніне қарамастан, зардап шегушіге көмектесіп үлгермеді. Шамамен 50-60 жастағы белгісіз әйел Марғұлан көшесіндегі үй маңында биіктен құлап, көз жұмған», – деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайтыс болған әйел 1955 жылы туған. Ол психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Аталған факт бойынша тексеріс тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0