Павлодарда үш баланы өрттен аман сақтап қалған ер адам іздестіріліп жатыр
Павлодарда кездейсоқ өтіп бара жатып, үш баланы өрттен аман алып қалған ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.
25 мамыр күні күндіз Павлодардағы үйлердің бірінде тоғызыншы қабаттағы үш бөлмелі пәтерден өрт шыққан. Балкон тұтанып, қою түтін бөлмелерге тез жайылған. Үйде үш бала болған. Ең кішісі небәрі 4 жаста, үлкендері 8 және 9 жаста. Қорқып қалған бүлдіршіндер жылап, көмекке шақырған.
Олардың айғайын өтіп бара жатқан ер адам естіп, бірден көмекке ұмтылған. Ол бірден өртеніп жатқан пәтерге қарай барып, бірақ балалар есікті аша алмаған. Сол кезде ер адам көршілерімен бірге самокаттың тұтқасымен құлыпты бұзып, содан кейін есікті теуіп ашқан.
Балаларды түтін басқан пәтерден тез арада алып шығу мүмкін болған. Осыдан кейін құтқарушы өз шаруасымен кете берген. Кейінірек келген өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.
Қазір ТЖД қызметкерлері балаларды құтқарғаны үшін алғыс айту мақсатында ер адамды іздестіріп жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, бүлдіршіндер зардап шекпеген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0