Перизат Қайраттан тәркіленген үш көлік астаналық полицейлерге берілді

Сәуір 10, 2026 - 10:49
chat_bubble  0 visibility  1
Перизат Қайраттан тәркіленген үш көлік астаналық полицейлерге берілді
Фото: ҚМА

Алаяқтық жасағаны үшін сотталған Перизат Қайраттан тәркіленген үш көлік те мемлекеттік органдарға тегін берілді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Наурыз айының соңында Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Перизат Қайраттан тәркіленген 777KPK01 мемлекеттік нөмірлі 79,4 миллион теңгелік қара Mercedes-Benz S450 көлігін сату туралы хабарландыру жариялады.

Аукцион 7 сәуірде басталған. Алайда оны сатып алуға ешкім ниет білдірмепті. Кейін көлік мемлекеттік органға берілгені анықталды.

Еске салсақ, 25 шілдеде судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайратты кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Оның анасы да кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сот залында қамауға алынды. Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді. Тергеу деректері бойынша, 47 адам жәбірленуші ретінде танылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0