«Рас па, жаным?»: Нұрлан Әлімжан мен Әйгерім Қалаубаева cүйінші хабар айтты
Бақытты болуға лайықтысыңдар.
Белгілі актер Нұрлан Әлімжанов пен әнші Әйгерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
"Құрметті, достар! Сіздермен жаңалығымызбен бөліскіміз келіп тұр! Жаңа бейнебаян! Нұрлан Әлімжанов & Айкерім Қалаубаева. "Рас па, жаным?" 29.06.24 / 19:00 Жуырда! Премьера! Әзірге әнді тыңдай тұрыңыздар!" - деп жазды әнші.
Әншінің оқырмандары жұпқа қолдау білдіріп, түрлі пікір қалдырған.
"Екі жүрек бір-біріне арналған иә, рас па жаным?", "Керемет жұп", "Алақай. Өмірде бірге болмағандарыңыз өкінішті", "Керемет", "Бақытты болуға лайықтысыңдар", "Мағынасына қарағанда бір жақсы жаңалық бар сияқты. Жақсы бейнебаян күтеміз", - деп жазды оқырмандар.
Сіздің реакцияңыз қандай?