«Сахнаға мас болып шығу ол үшін қалыпты еді»: Төреғали Төреәлінің бұрынғы продюсері әншімен қалай қоштасқанын айтты

Қараша 18, 2024 - 11:14
Қараша 18, 2024 - 11:15
«Сахнаға мас болып шығу ол үшін қалыпты еді»: Төреғали Төреәлінің бұрынғы продюсері әншімен қалай қоштасқанын айтты

Танымал эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлінің бұрынғы продюсері Жан Мұқанов әншіден көңілі қалғанын айтып, араласпай қалған кезіне тоқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

"Төреғали маған әкесімен келген еді. Ол кезде тек айтыскерлердің арасында танымал. Өзінің алғашқы жеке концертін бермекші болған. Бірақ эстрадада аса танымал емес-тін. Мен бұл жобаны қолға алдым және оны "Ұлы дала баласы" деп атадым. Оның әкесі маған "еті сенікі, сүйегі менікі" деді. Бұл терең мағынасы бар сөз. Бұл оның маған деген үлкен сенім білдіргені. Сондықтан мен онымен шынайы жұмыс істеуге бекіндім. Оның гонорары бастапқыда 200-500 доллар болды, шамамен 2-2,5 жылда 8 000 – 10 000 долларға дейін көтердік. Төреғалидің жұлдызы жанды. Эстрадаға келіп жолы ашылды. Тіпті жарты жылға дейін концерттер толық еді, бір күні де бос болмады.  Соңғы концерт Талдықорғанда өтті. Онда біз 36 мың көрермен жинадық", – деп бастады әңгімесін продюсер.

Продюсер әншінің сахнаға мас боп шығатын кездері көбейгенін айтады.

“Біз қиын қошқтастық. Ол кезде Төреғалидің жасы бар болғаны 24-те еді. Қазан айында 25 жасқа толатын. Бес күн қатарынан Республика сарайында концерт бердік. Содан соң бірден оның туған күні, тойға дайындық, тойы, бал айы болатын болды. Мен оған Дубайдағы қонақүйдің президенттік нөмірін алдым және тікұшақпен серуендеуді ұйымдастырдым. Оған жұлдыздар қандай болатынын көрсеткім келді. Алайда концерттер ойдағыдай болмады, тек 50-60% билет өтті. Ақшасын өтемеді, сондықтан өз қалтамнан төледім. Ол қарызды жабу үшін оның 10-12 рет өнер көрсетуі жеткілікті болды. Той күні бәрін дайындап қойдым. Ол таңертең сағат 11:00 шамасында нөмірінен шықты, мен оған 10-12 рет өнер көрсетіп, өтеу керек болатынын айттым. Ол өте шаршап тұрды және мас күйде болды. Ол маған "Жан, ол сенің проблемаң" деді. Ол мені ешқашан олай атамаған, мен ол үшін әрқашан "Жан аға" болған едім. Бұл мен үшін маңызды еді. Ол маған "сен" деп сөйледі. Мен оны қатты жақсы көрдім, әлі де жақсы көремін. Бірақ оның сол кездегі сөздері мені сындырып жіберді. Мен сөйлемей, кетіп қалдым. Тойға қатысқан жоқпын. Кеудемнен итергендей болды. Мен үшін бұл сатқындықтың шегі болды. Содан кейін Төреғали Төреәлімен жанжалдар басталды. Сахнаға мас күйінде шығу ол үшін қалыпты дүниелерге айналып жатты”, – деді Жан Мұқанов. 

Отандық танымал продюсер Жан Мұқанов Төреғали Төреәлімен қалай татуласқанын айтты. Продюсер мен әнші жанжалдан кейін араға үш жыл салып, бір-ақ кездескен.

Продюсер "Ұлы дала баласын" үш жылдан кейін көргенде оған шапалақ бергісі келгенін мойындады. Ол Төреғали де мұндай жағдайға дайын болғанын жеткізді. Алайда продюсер мен әртіс ешқандай қол көтерусіз, арадағы мәселені дұрыс жағынан шешкен. Мұқанов әнші екеуі үш жылдан кейін құшақтасып, жылап табысқанын жасырмады.

"Араға үш жыл салып, Шымкентте көрісеміз. Ол кезде Шымкентке көшіп кеткенмін. Кеңсемде отырдым. Екеуміздің ортақ танысымыз бар. Ол кісі де танымал той-мереке ұйымдастырушысы. Ол менен бір әртіске өнер көрсетуге домбырамды бере тұруын сұрайды. Менің домбыралар коллекциям бар. Артық ойсыз, өтінішін қабыл алдым. Домбырамды бердім. Өзі келіп, алып кетті. Бірақ бірнеше сағаттан соң маған хабарласып, "Сен ренжімейсің деп ойлаймын. Бұл домбыраны мен Төреғалиге бердім" дейді. Мен ренжіген жоқпын. Ол кезде мен бәрін ұмытып, ренішім басылған. Ол маған домбыраны Төреғалидің өзі апарып бергісі келіп тұрғанын айтты. Сөйтіп үш жылдан кейін кездестік. Мен оған шапалақ берем деп ойладым. Ол да мені соғатын шығар деп ойлағанын айтты. "Сіз мені соқсаңыз да, мен соған лайықты едім" деді. Соңында құшақтасып, жыладық. Шынымды айтсам, мен оны қатты жақсы көрдім, жақсы көремін де. Мен продюсерлік еткен жұлдыздардың арасында Төреғали бірегейі еді. Мен бұл жобамды мақтан тұтамын. Біз тарих жасадық. Аз уақыт ішінде 10, 20, 30 мыңдық стадиондарды жинау кез келген әртістің қолынан келе бермейді", - деді Жан Мұқанов. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow