«Семіргеннен даусы шықпай қалған»: Ақтауда өнер көрсеткен Kalifarniya тыңдармандарына жақпай қалды

Ақтауда өнер көрсеткен танымал әнші Kalifarniya-ны тыңдармандары сөгіп тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақтауда түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесінің берілу құрметіне орай гала-концерт өтті. Іс-шараға еліміздің танымал өнер жұлдыздары да жанды дауыста ән салды.
Солардың арасында жастардың сүйікті әншісі Kalifarniya да бар. Хитмен репертуарындағы “Қар” әнін орындаған. Алайда әншінің жанды дауыста ән салуы қызу талқыға түсті. Өйткені орындаушы ырғаққа ілесе алмай қалған.
“Сүйікті әншім еді, бұдан кейін тыңдамайтын сияқтымын”, “Екі нотаның арасында жүр”, “Даусы шықпай қалды”, “Димаш сияқты дайындық жасап шығуы керек”, “Қатты семіріп алғасын, даусы жетпей тұр”, – деп жазды көпшілік.
Алайда әншінің менеджері мұндай әрекетке концерттің ұйымдастыру жағының әлсіздігі себеп болды деп отыр.
“Концерттің техникалық жағы нашар болды. Сол үшін де оған музыка мен даусы естілмей қалды. Өзіміз де көрдік. Құлаққап пен микрофон да істемей тұрды”, – деп жауап берді арт-менеджер.
Сіздің реакцияңыз қандай?






