«Шаршатты. Бірақ маған кім сенеді?»: Сәкен Майғазиевтің келіні ренішімен бөлісті

Қараша 20, 2025 - 16:24
Қараша 20, 2025 - 16:25
«Шаршатты. Бірақ маған кім сенеді?»: Сәкен Майғазиевтің келіні ренішімен бөлісті
Фото: ғаламтордан

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия әлеуметтік желілерде аты-жөні мен суретін пайдаланып ашылған жалған парақшалардың көбейіп кеткенін айтып, шағымданды. Ол бұл жағдай қатты шаршатқанын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әдия Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, өзін айнытпай салған фейк парақшаларға наразылығын білдірді.

"Шынымды айтсам, шаршатты. Менін атымнан осындай сөздер жазып, менін түрімді пайдаланып, ойына келгенді жазатыны қаншалықты дұрыс? Оны басқа пабликтер менің шынайы парақшам деп ойлап, жазбаларын талқылайды. Біреудің жазған жазбаларына менің қатысым болғанын мүлдем қаламаймын. Күлкім келеді. Өзім ешқашан айтпаған нәрселерді айтты деп қойғандарына. Былай қарасаң дұрыс парақша сияқты, бірақ неліктен шын аккаунт па, жоқ па тексеріп алуға шамалары келмейді. Ұсақ-түйек нәрсе болып көрінетін шығар, бірақ менің атымнан жарнама алып жүрсе, кім сенеді маған?", – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow