Щучинсктегі дәмханада бірнеше адамның өмірін жалмаған жарылыс болды (ВИДЕО)

Ақпан 27, 2026 - 01:18
 0  2
Щучинсктегі дәмханада бірнеше адамның өмірін жалмаған жарылыс болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан дәмханалардың бірінде жарылыс болып, адам шығыны тіркелді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Центр плова» кафесінде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, артынша өрт шыққан. Қайғылы оқиға салдарынан 6 адам қаза тауып, шамамен 20 адам түрлі жарақат алған.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын сыртқа шығарып, оннан астам адамды құтқарып қалған. Қазіргі таңда өрт толықтай сөндірілген.

Құтқарушылар үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің басшылығы, облыс әкімінің орынбасары, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, медицина қызметкерлері, полиция және газ қызметі жұмыс істеуде. Санавиация мен реанимобильдер де дайын күйге келтірілген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0