«Шегірткенің айғыры»: блогер Sabirkin актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты ойын айтты

"Сабиркин" атымен танымал блогер Сабира Жалғасова Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты ойын ашық жазып, сынап тастады

Қараша 3, 2025 - 11:40
Қараша 3, 2025 - 12:03
«Шегірткенің айғыры»: блогер Sabirkin актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты ойын айтты
Коллаж: sn.kz

Әлеуметтік желіде блогер, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үлкен дау туындады. Танымал блогерлер оның бұрынғы жары мен балаларына қатысты айтқан әдепсіз, адамның жеке басын қорлайтын сөздеріне наразылық білдіріп, бойкот жариялауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Сабиркин" атымен танымал блогер Сабира Жалғасова Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты ойын ашық жазып, сынап тастады.

"Шегірткенің айғыры. Топастықтың шегін көрдім деп ойлаушы едім, міне екен ғой нағыз шегі", деп жазды ол. 

Естеріңізге сала кетсек, Блогер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайына ауыр сөздер айтып, оны қорлап жазған хабарламалары жария болды. Скриншоттарда ол әйелін "бастысы қыздығыңды мен алғанмын", "көшедегі әркімнің біреуі", "есік көрген қызды ешкім бағаламайды" деп кемсітіп, балағат сөздер қолданған. Сондай-ақ, ол бұрынғы жарының тұрмыстық және жеке өмірін мазақтап, ар-намысына тиетін пікірлер жазған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow