Шығыс Қазақстанда ер адам туған қызын бірнеше жыл зорлады деген күдікке ілінді
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында ер адам туған қызын бірнеше жыл зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Күдіктіні полиция қызметкерлері шілде айында жұмыс орнында ұстап, полиция бөліміне жеткізген.
"Риддер қаласының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу жалғасып жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі", - дейді Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша қыз алты жасынан бастап зорлық көрген. Қазіргі уақытта 13 жасқа толған.
Тергеу барысын облыстық полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0