Шымкентте 8-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
Шымкентте Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 8-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға 6 сәуір күні сағат 17:21 шамасында болған. Жасөспірімді туыстары үйінен тапқан.
Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем қызметі шақырылғанымен, жасөспірім қаза тапқан. Марқұм оқушы медициналық есепте тіркеуде тұрмаған.
Аталған дерек бойынша Шымкент қаласы полиция департаменті қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.
«Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген ведомство мәліметінде.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0