Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап қалды

Тамыз 14, 2026 - 09:03
app_badging Тамыз 14, 2026 - 09:15
chat_bubble  0 visibility  2
Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап қалды
Фото: Видеодан скрин

Шымкенттегі "Жайлаукөл" саябағында жасөспірім қыз джампинг-аттракционынан құлап, жарақат алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 8 тамыз күні кешкі уақытта болған. Қыздың анасының айтуынша, жасөспірім аттракционда секіріп жүрген кезде арқан үзіліп кеткен. Соның салдарынан ол жерге құлап, қолын сындырып алған.

Әйел оқиғадан кейін саябақ әкімшілігі тиісті деңгейде әрекет етпеді деп мәлімдеп, Шымкент қаласының әкімдігінен саябақ басшылығы мен ондағы аттракциондардың техникалық жағдайын тексеруді сұраған.

Алайда "Жайлаукөл" саябағының әкімшілігі бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді. Саябақ өкілдерінің сөзінше, қызметкерлер қызды ауруханаға жеткізуге көмектесіп, туыстарымен байланысқан және кешірім сұраған.

Сондай-ақ оқиға болған аттракционның саябақ әкімшілігіне емес, жеке кәсіпкерге тиесілі екені айтылды.

Саябақ басшылығы болған жағдайды жасыруға немесе жауапкершілікті басқаға аударуға ниетті емес екенін мәлімдеп, оқиғаның барлық мән-жайы заң аясында анықталуы керек деген ұстаным білдірді.

Шымкент қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0