Милан-2026: Шорт-трекші Денис Никиша үздік ондықтың қатарында

Ақпан 19, 2026 - 10:50
Ақпан 19, 2026 - 10:57
 0  1
Милан-2026: Шорт-трекші Денис Никиша үздік ондықтың қатарында
Фото: Olympic.kz

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Денис Никиша өз жарысын аяқтады. Отандық спортшы 500 метр қашықтықта бақ сынап, айтулы доданың финалдық кезеңіне дейін жетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша Денис Никиша 6–10-орындар сарапқа салынған В финалында өнер көрсетті. Өзі үшін шешуші болған бұл жарыста ол мәре сызығын екінші болып қиып, жалпы есепте жетінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, осы бағдарламада тағы бір отандасымыз Абзал Әжіғалиев ширек финалға дейін жетті. Ал аталған қашықтықта алтын жүлдені канадалық Стивен Дюбуа иеленсе, күміс пен қола нидерландылық ағайынды Йенс және Мелле ван’т Вауттардың еншісінде кетті.

Абзал Әжіғалиевтің жарыстан кейінгі алғашқы әсері мен сұхбаты 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0