«Сыртынан біреу оқытқан деді»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің дерті туралы айтты

Бейсен Құранбек қатерлі ісікке шалдыққанын білгеннен кейін ауруханада жатып емделуден бас тартқан. Журналистің жары Гүлмира Зербай оның емге көнбей қойғанын айтады, осылайша біраз уақыт жоғалтып, дертін асқындырып алған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Айтуынша, тәуіптер «сыртынын біреу оқытып тастаған» деген болжам да айтқан екен.
«Тәуіптер ішіне уайым түсіп кеткен дейтін, сыртынан оқытылған деді. Біраз уақыт жоғалтып алдық. Консервативті емге барайық дегенде өзі көнбей қойды. «Онкологиялық ауруханаға барғым келмейді, қайткен күнде де өзім жеңуім керек дейтін», - деді ол.
Марқұм Бейсен Құранбек өзінің сырқаты туралы естіген соң, дәрі қабылдауды бастаған, содан кейін бір жылға жуық уақыт бойы дәрігердің алдына бармай кеткен.
«Мойындағысы келмеді ме, әлде әлсіз көрінгісі келмеді ме, білмеймін», - дейді жары туралы естелік айтқан Гүлмира Зербай. Айта кетсек, Бейсен Құранбектің жары журналист Дана Нұржігіттің YouTube-тегі бағдарламасына қонақ болған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






