Сырттан келетін жемістен аса қауіпті зиянкестер табылды

Шілде 1, 2024 - 15:33
Шілде 1, 2024 - 15:33
Сырттан келетін жемістен аса қауіпті зиянкестер табылды

Қырғызстаннан келе жатқан жемістерді шекаралас Жамбыл облысы «Қарасу»  бекетінде тексерген болатын.  Ресей Федерациясына жөнелтілген «қара өрік» өнімінде комсток құрты табылды. Карантиндік зертханалық сараптаманың қорытындысы оны растап отыр.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция хабарлады.

Жалпы салмағы 19 200 кг болатын барлық құрттаған өнім қайтадан Қырғыз Республикасына қайтарылды. Сондай-ақ, оларға айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Бұған дейін Ресейден келген 28,08 тонна бананнан да осыған ұқсас құрттар табылған еді. Осы факт бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Құжаттар әкімшілік сотқа жіберілді. Сот шешімімен 28,08 тонна жаңа банан зарарсыздандырды.

Бұл құрттар өсімдіктердің көптеген түрлерінде тіршілік етеді. Негізгі жемдік өсімдіктер-алмұрт, алма ағашы, анар, шабдалы, жүзім, тұт, терек; одан басқа көкөніс дақылдарын – қызылша, сәбіз, картопты бұзады.

Бұл зиянкестер қауіпті карантиндік объектілер саналған соң,  уақытында анықтап, карантинге жауып, жойып жіберу өте маңызды.

Мұндай карантинге алынатын зиянкестердің таралуы ауыл шаруашылығына едәуір зиян тигізуі мүмкін.

orda.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow