«Сыйлық алған жоқпын»: Олимпиаданың қола жүлдегері ешқандай сый-құрмет көрмегенін айтты
Ең күшті сый – жақындарымның күтіп алуы.
Париж олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтбаев елге оралғаннан кейін әлі ешқандай сый-құрметке бөленбегенін айтты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Нысана көздеу спортынан Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ислам Сәтбаев жүлдесі үшін сыйлық алмағанын, елге келген соң өмірі аса өзгере қоймағанын айтты.
“Мен – әскери адаммын, Армия орталық спорт клубының қолдауы қатты сезілді. Олар дайындыққа да, құралмен жабдықтауға да көп көмек етті. Ең күшті сый – жақындарымның күтіп алуы. Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын", - деді спортшы.
Айта кетейік, Ислам Сатпаев Александра Лемен бірге аралас жұптық сайыста Париж олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?