Солтүстік Қазақстанда қар жауды

Қазан 5, 2026 - 12:18
chat_bubble  0 visibility  5
Солтүстік Қазақстанда қар жауды
Фото: Pixabay

Солтүстік Қазақстан облысында күн райы күрт суытып, кей ауданда бүгін түнде қар жауды, деп жазады Sadaq.kz.

Әлеуметтік желілерде қыс мезгілінің алғашқы белгілері бейнеленген кадрлар тарап жатыр. Мамлют ауданы Новомихайловка ауылының тұрғыны түнде жауған алғашқы қарды бейнежазбаға түсіріп, желі қолданушыларымен бөлісті.

«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, өңірде ауа райының қолайсыздығы әлі де сақталады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, 5 қазан күні облыстың батысы мен солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін.

Петропавлда да қар аралас жаңбыр жаумақ. Жолдарда көктайғақ қалыптасуы мүмкін.




Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0