Спорт журналисі Диля Ибрагимова өмірден өтті

Қараша 27, 2025 - 21:55
Спорт журналисі Диля Ибрагимова өмірден өтті
Фото: марқұмның архивінен

GOAL KZ парақшасы белгілі спорт жаңалықтарының жүргізушісі Диля Ибрагимованың қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады sadaq.kz.

Миллиондаған көрермен сүйіп тамашалайтын журналистің қазасы көпшілікті терең қайғыртты. Осыған дейін Диля ауыр дертімен күресіп жүргенін жазған еді. Ол жағдайын былай сипаттаған:

«Талып қалу, бас айналу, аяқтарым өзіме бағынбай қалды. Мүлдем күш жоқ. Мені аямаңыздар, онсыз да одан бетер қиындап кетеді. Білемін, мен бұл сынақтан өтемін. Ұлым үшін күресуге тиіспін», – деп жазған болатын.

Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы «Хабар» және КТК телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізді. Оның кәсіби еңбегі мен жылы жүзін көрермен әрдайым ерекше бағалайтын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow