Түрмедегі Марат Жыланбаевтың жағдайы ауыр
Түрмеде жазасын өтеп жатқан марафоншы Марат Жыланбаевтың жағдайы ауыр деген ақпарат тарады.
Азаттық радиосының хабарлауынша, Марат Жыланбаевтың жүрек соғысының күрт төмендеп кеткен. Бұл туралы Азаттыққа марафоншының қызы Азия Жыланбаева мәлімдеген. Жыланбаев қазіргі уақытта Ақмола облысы Степногорск қаласындағы абақтыда 7 жылдық жазасын өтеп жатыр.
Мәліметтерге сүйенсек, Марат Жыланбаев қыздарының біріне қоңырау шалып жағдайының нашарлап тұрғанын, тамыз соғысы 42 болғанын жеткізген.
«Әкемнің аштық жариялағанына бүгін отызыншы күн. Ол тек су ішеді. Яғни, ол қайнамаған суық су ішуге мәжбүр. Әкем кінәсіз болғандықтан да күресін тоқтатпайды. Мен әділдік талап етемін. Оның түрмедегі тамақ туралы, басқа да талаптарының бәрі – заңды», – деді Азия Жыланбаева.
Бұған дейін түрмеде отырған Марат Жыланбаев өзіне қатысты шыққан үкімге наразылық ретінде 13 қарашада аштық жариялағанын хабарлаған едік.
Оппозияциялық белсенді Степногорск түрмесіндегі санитарлық жағдайдың нашарлығын, тамақтың дұрыс берілмейтінін, адвокаты мен достарына қоңырау шалуға тыйым салынғанын жиі айтып, шағымданып келеді. Ол өмірі үшін қауіп төніп тұрғанын да мәлімдеген еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?