«Тағы екі сарбаз болған»: Қорғаныс министрлігі желідегі ақпаратқа жауап берді

Қыркүйек 28, 2026 - 10:58
chat_bubble  0 visibility  5
«Тағы екі сарбаз болған»: Қорғаныс министрлігі желідегі ақпаратқа жауап берді
Фото: gov.kz

Әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов пен Мағауия туралы тараған ақпаратқа байланысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда қалып, өздеріне жүктелген оқу міндеттерін орындаған.

Олардың қатарында мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. да болған. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта екі әскери қызметші де әскери бөлімнің орналасқан жерінде жүр және күн тәртібіне сәйкес қызметін жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ ведомство азаматтарды тексерілмеген, шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға және ресми мәліметтерге сүйенуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0