Танымал блогер төрт жылға сотталды
Танымал ресейлік блогер Гусейн Гасанов қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру ісі бойынша сырттай төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Мәскеудің Пресненский аудандық соты оны кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бұдан бөлек, блогерге 1 миллион рубль көлемінде айыппұл салынды.
Сот шешіміне сәйкес, Гасановқа екі жыл бойы электрондық және ақпараттық-телекоммуникациялық желілердегі сайттарды басқаруға қатысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Блогерге халықаралық іздеу жарияланғандықтан, сот отырысы оның қатысуынсыз өтті. Сонымен қатар сот оған қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Ресей прокуратурасының мәліметінше, Гусейн Гасанов 2019–2021 жылдар аралығында жеке кәсіпкер ретінде 170 миллион рубльден астам (шамамен 1 миллиард теңге) салық төлеуден жалтарған.
Тергеу органдары кейіннен оның осы қаражаттың бір бөлігін заңдастырған деген қорытындыға келген. Осыған байланысты сот заңсыз жолмен алынған мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы да шешім шығарды.
Айта кетейік, Гусейн Гасанов – YouTube және Instagram желілеріндегі ойын-сауық контенті арқылы танылған ресейлік блогер әрі кәсіпкер. Ол соңғы жылдары салық төлеуден жалтару және қаржы заңдастыруға қатысты қылмыстық іс аясында құқық қорғау органдарының назарына іліккен.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0