Тасқын аяқталған соң кейбір ауылдар басқа жерге қоныстанады – Тоқаев

Бәрі де жақсы болады, дейді президент.

Сәуір 25, 2024 - 15:29
Сәуір 25, 2024 - 15:30
Тасқын аяқталған соң кейбір ауылдар басқа жерге қоныстанады – Тоқаев
фото: Tobolinfo

Мемлекет басшысы тасқын кезінде ел бірлігі нығайып, отандастырымыз бір-бірінің жанашырлығын сезгенін айтты, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

“Қазақта "Алпыс күн тасыған дария, алты күнде қайтады" деген сөз бар. Көп ұзамай қарғын су кетіп, жұрт күнделікті өмірге оралады. "Әр қиындықтың қайыры бар" дейді халқымыз. Біріншіден, тасқын кезінде ел бірлігі нығая түсті. Арқадағы ағайынға, Жайықтағы жұртқа бүкіл Қазақстан халқы көмектесуге ұмтылды. Апат аймағында тұратын адамдар барша отандасымыздың шынайы жанашырлығын сезінді. Екіншіден, елдің жағдайын жақсарту үшін ешкім қиындықтың келуін күтіп отырмайтыны анық, – дейді президент.

Оның айтуынша, дегенмен, мұндай апаттар біраз шаруаны шұғыл қолға алуға себепкер болады.

“Тасқын аяқталған соң кейбір ауылдар тың жерге қоныстанып, жаңадан бой көтереді. Жол салынады, су тартылады. Ауылдарымыз мүлде жаңа келбетке ие болады. Жалпы, әлемдегі үлкен дағдарыстардың қарқынды дамуға жол ашатыны белгілі. Қазіргі алапат тасқын да, түптеп келгенде, елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Сын сағатта жұдырықтай жұмылған жұртымыз осы қалпында өрлеу, жаңғыру кезеңіне қадам басады. Бәрі де жақсы болады”, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow