«Темекі тартып, бата беруге жарамады»: Жүрсін Ерманның әрекеті талқыға түсті (ВИДЕО)
Қатонқарағайда өткен концерттен кейін әнші Димаш Құдайберген айтыс өнерінің ардагері Жүрсін Ерманның хәл-жағдайын сұрап, арнайы сәлем берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов әлеуметтік желідегі парақшасында айтып, Димашпен кездесіп, оған арнаған өлеңін оқығанын жеткізді.
Кездесуден кейін желі қолданушылары Димаштың үлкенге көрсеткен құрметін жоғары бағалады. Ал кейбірі Жүрсін Ерманның әрекетін сынға алып, пікірлерін ашық жазды.
"Үлкендігін көрсететін жері еді", "Темекісін тартып шіренбей, бір сәт жылы сөз айтса болар еді", "Мына жерде Жүрсін ағам тәкәппар, ішітар адамдай көрінді", "Жүрсін Ерман шікірейіп менсінбей отырған сияқты", "Немене мынау Жүкең, батасын беруді ұмытып кеткен бе?", "Бір ауыз жылы сөз айтуға жарамады", "Алыстан ат арылтып алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем беріп келеді деге сөз әдіре қалды-ау мына жерде", "Темекі тартуды біледі, бата беруді білмей ме", "Жүрсін ағаның әрекеті жағымсыз көрінді. Димашқа екі ауыз жылы сөзін қимады ма, қиналды ма білмеймін. Темекісін тәкаппарлана тартып қойып отыр", – деп жазды оқырмандар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0