Тоқаев 8 қыркүйекте халқыққа Жолдауын жариялайды

Тамыз 26, 2025 - 09:51
Тамыз 26, 2025 - 17:28
 0  84
Тоқаев 8 қыркүйекте халқыққа Жолдауын жариялайды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні халыққа биылғы Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды", - делінген Руслан Желдібайдың Telegram желісіндегі хабарламасында.

Айта кетейік, жиынға сенат пен мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 1
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0